2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 5С-8-2 шешімі
(2013.13.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 11 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 8 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 қарашадағы Заңы негізінде, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ақмола облыстық мәслихатының 2013.13.02. № 5С-10-2 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. 2013 - 2015 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 113 122 299,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 13 268 054,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 450 397,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 2 506,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 99 401 342,0 мың теңге;
2) шығындар - 113 991 323,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 441 234,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттiк кредиттер - 1 035 386,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 594 152,0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профицит) - -1 310 258,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 1 310 258,0 мың теңге.
2. Облыстық бюджетке, аудандар және Көкшетау мен Степногорск қалаларының бюджеттеріне кірістерді бөлудің нормативтері келесі мөлшерде белгіленсін:
1) облыстық бюджетке төлем көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығы бойынша - 100%;
2) облыстық бюджетке төлем көзінен салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы - 100%;
3) аудандар және Көкшетау мен Степногорск қалаларының бюджеттеріне әлеуметтік салық бойынша - 100%.